Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

24 шілде 2017, 15:00

Бейсенбі күні, а. ж. 20 шілдеде, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Жұмыс сапарының басты мақсаты - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттердің орындалу барысымен танысу.

Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары кестесіндегі басты іс-шаралар өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен, облыстың бизнес қауымдастығы өкілдерімен, зиялы және белсенді қауымымен кездесулер болды.  Кездесулер барысында экономиканың базалық салаларын жаңғырту, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мәселелері қаралды, сондай-ақ су тасқынының алдын алу және қауіп-қатерге жол бермеу шаралары талқыланды. Технологиялық жаңғырту, экономиканы цифрландыру, сондай-ақ Индустрия 4.0 элементтерін енгізу, ИИДМБ-2 іске асыру және инвестициялар тарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. 

Өңірге барған Бақытжан Сағынтаев «Петропавл» Халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оның транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты.   

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстандағы «Зенченко және К» көпбейінді аграрлық кәсіпорнының жұмысымен танысты, онда мемлекеттік қолдау шаралары, сонымен қатар АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске асырылған.

Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында Бақытжан Сағынтаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен АӨК дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын талқылады.

Шағын және орта бизнесті дамыту және бизнес ортаны жақсарту шараларын іске асыру мәселелерін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен талқылады.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев сондай-ақ Петропавл қаласындағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және спорттық нысандар, инфрақұрылымды және инженерлік коммуникациялар құрылысының барысымен танысты.

Қазақстанның ең ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі «ПАМЗ» АҚ-ны аралау барысында даму мәселелері талқыланды, онда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мұнай-газ және энергетика салаларына жабдықтар дайындау, сонымен қатар қорғаныстық маңызға ие өнімдерді әзірлеу үдерістерімен танысты.

СҚО Заречный ауылының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен облыста су тасқыны қаупіне жол бермеу бойынша қабылдануы тиіс шараларды талқылады.