Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов

Жұма, 24 Қаңтар 2020, 17:16:39

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. 

А. Көлгінов атап өткендей, елорданың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң нәтижелер байқалады. Өңірлік ішкі жалпы өнім 7,2%-ға артты. Өнеркәсіп өнімін өндіру 12%-ға ұлғайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға көбейді.

Даму қарқыны баяулап қалған екі көрсеткіш бойынша жыл соңында алғашқы жартыжылдықпен салыстырғанда алға жылжу бар: 

  • Тұрғын үй салу бойынша физикалық көлем индексі 8,2%-ға артты.
  • Тартылған инвестиция көлемі 4%-ға артып, 914 млрд теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарындағы индекс 102,8% құрап, 22,1%-ға артты. 

Әкімнің мәліметтері бойынша, 2020 жылы 27 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 23 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналасты. 

 

2019 жылы 10 проблемалық тұрғын үй құрылысы аяқталды 

2019 жылдың басында проблемалық нысандар саны 76 үйді (14 509 үлескер) құрады.

«Үлескерлік құрылыс саласындағы негізгі проблемалар — ТҚК мүшелерінің арасындағы ұзаққа созылатын сот рәсімдері, ЖСҚ болмауы, қаржылық моделі мен инвесторлардың болмауы. Сіздің тапсырмаңыз бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілген өзгерістер мемлекет қаражатын пайдалану мүмкіндігін арттырды», — деді А. Көлгінов.

2019 жылдың қорытындысы бойынша 10 үйдің құрылысы аяқталды, үлескерлер саны 2,5 мың адамға азайды. Биыл 20-дан аса үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған (7 581 үлескер).

Қалған тұрғын үйлер 3 жыл ішінде пайдалануға беріледі.

 

Нұр-Сұлтанда 1050 жас баспаналы болды

2019 жылы 1,8 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бүгінде баспана кезегінде 48 мың адам тұр. 2019 жылы коммуналдық тұрғын үй қорынан 2 900-ге жуық пәтер табысталды. Оның 784-і – әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, 1050-і – жұмыс істейтін жастарға берілді. 

Тұрғын үй көлемі 2018 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда екі еседен асты.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен жұмыс жалғасуда. Қалада банктің 214 мыңнан аса салымшысы бар. 2019 жылдың соңында 10 500 елорда тұрғыны пәтерге ие болды. 

 

Елорданың 64 мектебінде инклюзивті білім беру сыныбы ашылды

Елорда мектептерінде қазір 185 мың бала оқиды. Көктемде 9 мың бала мектепті аяқтаса, қыркүйек айында 22 мың бала бірінші сыныпқа келді.

«Қаладағы 115 мектептің 8-і үш ауысыммен жұмыс істейді. Ал 14 мектептегі оқушылар саны стандарттан асып кеткен. Бұл мәселелерді шешу мақсатында 2019 жылы 5 мың орынға 6 мектеп салынды. Үш ауысымды 3 мектептің мәселесі шешілді», — деді елорда әкімі. 

2020 жылы 10 мың орынға арналған 12 мектептің құрылысын аяқтау және 12 мың орындық 8 нысанның құрылысын бастау жоспарланған. Сонда үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешіледі. Сонымен қатар жеке инвесторлар есебінен мектептер салу жағы қарастырылды. 24 мектептің құрылысы жөніндегі инвестициялық жоба қабылданды. 

Қаланың шеткі аумағында орналасқан №23 мектепке барған кезде Мемлекет басшысы жаңа мектеп салуды тапсырды. Мектептің құрылысқа дайындық жұмыстар басталды. Бір жылдың ішінде аяқтау көзделуде.

Қалада инклюзивті білім беру сыныптары ашылған мектептердің саны 64-ке жетті. Биыл қалған барлық мектепті қамту жоспарда бар. 

 

Денсаулық сақтау: «қадамдық қолжетімділікті» қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде

А. Көлгінов атап өткендей, 12 «Үйдегі дәрігер» нысаны ашылды, биыл тағы 10 нысанды ашу жоспарлануда. МӘМС енгізу басталды.

 Мемлекет басшысының темір жол ауруханасының апаттық ғимараты бойынша берген тапсырмасына қатысты А. Көлгінов емхана ауыстырылған көрші ғимарат жөнделгенін атап өтті. Стационардың клиникалық бөлімшелері басқа екі корпусқа ауыстырылды, онда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (225 төсек орны – тәулік бойына және 50 төсек орны – күндізгі келуге).

Мәселені тұжырымдамалық шешу үшін түрік инвесторымен бірлесіп, МЖӘ аясында 800 төсек орнына арналған көп бейінді аурухана құрылысы басталды. Жалпы ауданы 20 га жер телімі анықталды.

 

Инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

Инвесторлар мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінде 255 млрд теңгеге 42 жоба қолдау тапты. АЭА аумағы 8 мың гектарға кеңейтілді.

Жосықсыз инвесторлардан 60 га-дан астам игерілмеген учаскелер алынды, онда 12 жаңа өндіріс орналастырылған.

Екінші индустриялық паркті жобалау жұмыстары басталды.

 

Газдандыру: барлық процедуралық мәселелер шешілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі атап өткендей, барлық процедуралық мәселелер шешілді, бірінші кезеңнің барлық іске қосу кешендері бойынша жұмыс белсенді түрде жүргізілуде.

ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға ауыстыру бойынша байқау жарияланды.

Биыл ЖЭО-2-де энергия жабдығын реконструкциялау аяқталады, бұл жылу бойынша 180 Гкал/сағатқа және электр қуаты бойынша 120 МВт өсімге қол жеткізеді.

ЖЭО-3 бойынша Энергетика министрлігімен бірлесіп жобаға түзету жүргізілуде.

 

Ағын сулар кәрізінің құрылысы жалғасуда 

Сонымен қатар А. Көлгінов ағын сулар кәрізінің құрылысы жалғасып жатқанын айтты. 

50-ден аса су басу қаупі бар жерлер анықталды, оның ішінде 3-уі үш қауіпті аудан қиылысында: 

1) Уәлиханов және Бараев көшелерінің бойы ( Жастар ықшамауданы).

2) Оқушылар сарайы маңындағы Б. Момышұлы даңғылы бойында құрылыс жұмыстары басталды.

3) Тұран және Ұлы Дала даңғылдары бойында коллекторлар қайта орнатылып, тазарту құрылғылары жаңғыртылады (1,5 млрд теңге).

Барлық 3 учаске бойынша жобаларды 2021 жылы аяқтау көзделген. 

Өткен жылы Логистика орталығы маңындағы тазарту желілерінің құрылысы аяқталды (2,3 млрд теңге). Биыл Тельман тұрғын үй алабы, Үшқоңыр көшесі және Құдайбердіұлы көшесі бойынша 3 нысанды аяқтау жоспарланған. 

 

Нұр-Сұлтанда 100 шақырым жол салынып, жөнделеді

А. Көлгінов бірқатар маңызды жобалардың іске қосылатыны туралы айтып берді. 

Мәселен, Қабанбай батыр даңғылын 8 жолаққа дейін кеңейту және Қорғалжың тас жолы мен Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының қиылысында жол айрығын салу бойынша жұмыстарға дайындық жүргізілуде. Барлығы қала бойынша 100 шақырым жолды салып, жөндеу жоспарланған. 

Сонымен қатар Ұлы Дала даңғылы бойынша екі көпір — Есіл өзені арқылы және Нұра-Есіл каналы арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтау жоспарланған. 

Тәуелсіздік даңғылы бойымен Есіл өзені арқылы жаңа керме көпір құрылысы көзделген. Аталған 3 көпір мен жолдар құрылысы қаланың көлік логистикасын жақсартып, жолдардың жүктемесін азайтады. 

Қаланы абаттандыру үшін қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасы әзірленген, ол «Халықтың қатысу бюджеті» аясында іске асырылады. 

 2019 жылы 160-қа жуық аула абаттандырылды, биыл да сонша ауланы абаттандыру көзделген. 

1,5 мың шам ауыстырылды, үнемдеу — 40%. Жұмыстар жалғасуда. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қала көшелері мен ғимараттарды безендірудің бірыңғай дизайн-коды бекітілді. 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2019 жылы 11 мыңнан аса адам 4 аудан мен қала басшылығының қабылдауында болды. 

Тоқсан сайын ашық әкімдік шарасы өткізіледі. 3 ауданда «Open Akimat» ашылды. 

«Жанұя» орталығында 5 айдың ішінде 7 мыңға жуық адам қабылданып, олардын 4 мыңға жуық мәселесі сол жерде шешілді.

13 мың аз қамтылған отбасылардың балалары мектепке қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылды.

 

Елордада «Абай әлемі» орталығы салынады

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында 150 іс-шара жоспарланды. Әл-Фарабидің мерейтойына қатысты 50-ге жуық шара.

Оқушылар сарайына әл-Фараби есімі берілсе, білім күні Абай атындағы жаңа мектеп есігін ашты.

Елордамызда «Абай әлемі» орталығы салынатын болды. Орны белгіленді, құрылысы 1-ші жарты жылдықта басталады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.