Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ДДСҰ басшылығы ҚР денсаулық сақтау министрімен Алматы декларациясының 40 жылдығын өткізу форматын талқылады

14 ақпан 2018, 19:53

2018 жылдың 13 ақпанында Женевада (Швейцария) ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДСҰ бас директорының орынбасарлары Джейн Элисонмен, доктор Сумия Сваминатанмен және ДДСҰ кеңсесінің басшысы Бернхард Швартлендермен кездесті.

Кездесу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы биыл 25-26 қазанда Қазақстанда ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен ДДСҰ-ның жаңа құжаттарын қабылдауға қолдау білдірді және ДДСҰ/ЮНИСЕФ алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету бойынша Алматы декларациясының қабылданғанына 40 жыл толуына орай Жаһандық конференцияны өткізуге қызығушылық танытты.

ДДСҰ бас директорының орынбасары Джейн Элисон Қазақстанда ДДСҰ жаңа декларациясын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті және Қазақстанда Жаһандық конференция өткізу жөніндегі бастамасы үшін ел Үкіметіне алғысын білдірді.

Өз кезегінде, ДДСҰ бас директорының орынбасары Сумия Сваминатан алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсетудің рөлі әлем тұрғындарын денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қол жеткізуде маңызды екенін атап өтті.

«1978 жылғы Алматы декларациясында ДДСҰ-ға мүше мемлекеттердің ережелерін ұстануды құптау және 2018 жылы Қазақстанда жаңартылған халықаралық құжатты қабылдау денсаулық сақтау саясатының жаһандық күн тәртібінде маңызды орынға ие болуы тиіс», — деді Сваминатан ханым.

ДДСҰ басшылығы 2018 жылдың күзінде Қазақстанда өтетін конференцияның ДДСҰ-ға мүше елдердің Үкіметтері деңгейінде АМСЖК басымдықты дамыту стратегияларын енгізудегі рөлін атап өтті.

ҚР-да Жаһандық конференцияны ұйымдастыруға қатысушы әр тараптың рөлі талқыланды. Қазақстан тарапы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетуді дамытудың жаңа тәсілдерін алға жылжытуға қолдау көрсетуге, конференцияны ұйымдастыруға дайын екендігін айтты.