Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау нысандарын тұрғызу кезінде МЖӘ тетіктерін белсендірек пайдалануды тапсырды

14 наурыз 2017, 12:02
Фото: primeminister.kz

ҚР Үкіметі отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтаудың жаңа нысандарын тұрғызудың және барлық саланы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырудың қажеттігін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев соңғы 10 жылда Қазақстанда мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны тұрғызылғанын атап өтті. Дегенмен қазіргі таңда әлі де шамамен мың жаңа нысанды тұрғызу қажеттілігі бар.

Бюджеттік қаражаттардың шектеулігіне орай, әкімдіктер МЖӘ тетіктерін белсендірек пайдалануы керек. Бұдан өзге, ҚР Ұлттық экономика және Денсаулық сақтау министрліктеріне нормативті, құқықтық және техникалық акттерде денсаулық сақтау нысандарын тұрғызуға қатысты әрекет етуші талаптарды қайта қарауға тапсырма берілді.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлық саланың төменгі деңгейде ақпараттануына назар аударды.

«Бұл мәселеде тіпті дәрігерлерге компьютерлер жетіспей жатады. Жергілікті атқарушы органдар осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруы керек. Денсаулық сақтау, Ақпарат және коммуникация министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп аталған мәселені пысықтап, наурыз айының соңына дейін тиісті ұсыныстарды енгізуді тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.