«Денсаулық жолы - 2016»: Жылжымалы медициналық кешендер 8 облыстың шалғай аудандары мен Алматының балаларға арналған интернаттарына барады

04 тамыз 2016, 22:28

«Денсаулық жолы - 2016» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер 8 облыстың шалғай аудандары мен Алматының балаларға арналған интернаттарына барады.

Облыстар тізімінің ішінде Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстары бар. 

ҚР ДСӘДМ мәліметінше, мобильді медициналық бригадалардың құрамына терапевтік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық қызмет мамандары мен салауатты өмір салтын қалыптастыру аймақтық орталығының мамандары кіреді.

8-12 тамыз аралығында флюромашина мен жылжымалы медициналық кешенді іске қосу арқылы Алматыдағы балаларға арналған интернаттарда профилактикалық тексерулер жүргізілетін болады.

Анықтама үшін:

Ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.