Алматыдағы кеңесте Кәрім Мәсімов мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесін көтерді

16 тамыз 2016, 00:04
Алматы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Алматыда әлеуметтік сала дәрігерлерімен және өкілдерімен кездесуінде мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мәселесін талқылады.

Медициналық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдармен кездесу Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында өтті. Қазақстанда 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 75,7 мың бала бар.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдай жасау басты назарға алынып отыр. Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың осы мәселе бойынша тығыз бірлесіп жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпованың мәліметі бойынша мүгедек балалар арасында туа біткен ауытқулар, жүйке жүйесі аурулары, психиатриялық бұзылулар, оның ішінде аутизм басымырақ. Елде аутизммен ауыратын 1095 адам бар, 2015 жылы 233 баланың аталмыш аурумен ауыратыны анықталған.

Оның айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін Қазақстанда балалардың ақыл-ой және дене дамуын ерте анықтау бойынша жаңа жүйе енгізіледі.

Сонымен қатар, аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған сақтауды қамтамасыз ету үшін жол картасы әзірленді. Мұның аясында нормативті база, статистикалық есепке алу, клиникалық-диагностикалық хаттамалар, медициналық-әлеуметтік оңалту жүзеге асырылады. 

Сонымен қатар, кездесу барысында балалар құқығы жөніндегі уәкіл З.Балиева, білім және ғылым вице министрі Э.Сұханбердиева сөз сөйледі. Ақыл-есі кем балаларға арналған қамқорлық көрсетуді жақсарту үшін өз ұсыныстарынәлеуметтік сала өкілдері, қорлар басшылары ұсынды. 

Отырысты қортындылай келе, Премьер-Министр Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Білім және ғылым министрлігіне диагностикалық әдістерін жетілдіруге және және медициналық-әлеуметтік дамуы шектеулі балаларды оңалтуға байланысты кадрлы ресурстарды қамтамасыз ету үшін ақпараттық жүйені дамыту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Анықтама үшін:

Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік оңалту, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі аутист балалар, Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Елде әлеуметтік мекемелер желісі бар, оның қатарында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған 2 интернат-үйі, 18 балалар психоневрологиялық интернат-үйі, 21 оңалту орталығы (олардың арасында 12 балаларға арналған), үйде әлеуметтік көмек көрсету 156 бөлімдері бар. Әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі шектеулі балалардың 30%-дан астамын немес 20 мың адамды қамтыды.