Мүгедек балалардың ата-аналары үйден шықпай-ақ психологтың білікті көмегін ала алады – ҚР ДСӘДМ

09 тамыз 2016, 17:14

2016 жылдың 5 айында Онлайн қолдау көрсету қызметі мүгедектерді тәрбиелеп отырған ата-аналарға консультативтік және психологиялық көмек көрсету үшін 172 ата-анаға қызмет көрсетті.

Онлайн қолдау көрсету қызметінің негізгі мақсаты – мүгедек баласы бар отбасына консультативтік көмек көрсету. Яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дұрыс психологиялық денсаулығын құруға жағдай жасау, отбасындағы жағымды әлеуметтік-психологиялық ортаның қалыптасуына, сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық көмек беруге жәрдемдесу болып табылады.

Қызметтің жұмысы білікті психологтардың қатысуымен «SKYPE» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ата-аналардың үйден шықпай-ақ кәсіби кеңес алуына мүмкіндік береді.

Анықтама үшін:

2015 жылдың маусым айынан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдау бойынша жобаны жүзеге асырып келеді. Мамандардың кеңесіне өтінімдер тәулік бойы 1411 тегін нөмірі бойынша қабылданады.