Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен ұзақ өмір сүруінің кепілі болмақ

25 сәуір 2017, 13:59
Фото: primeminister.kz

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытумен назар ауруларды емдеуден олардың алдын алу мен басқаруға ауысады. ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай пікірмен бөлісті.

Министр бүгін әрбір қазақстандықта өмір сүру сапасы мен ұзақ өмір сүру кепілі болатын күнделікті әдеттерді қалыптастыру үшін тиімді шаралар әзірлеу қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы шараларға қоғам көбірек ақша жұмсауы тиіс. Сонда ауруларды емдеуге аз ақша жұмсалады.

«Бүгінде біз, өкінішке қарай, асқынған созылмалы ауруларға және критикалық жағдайлармен күреске көп ақша жұмсаймыз. Бізде 80% ақша ауру асқынған кезде оталарға кетеді. Және біз бәріміз бірге осыған көңіл бөліп, бірге жұмыла жұмыс жасауымыз керек», – деді Е.Біртанов.

Сондай-ақ, министр аталған қызмет алдында болған екі қызмет: санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитетінің орнын алмастыратынын айтты.

«Бұл қызметтерді біріктіре отырып, біз Қоғамдық денсаулық сақтау комитетін құрдық. Оның Денсаулық сақтау министрлігі деңгейіндегі орталық органы бар. Әрбір аймақта және әрбір ауданда аумақтық бөлімшелер – Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері болады», – деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі.

Бірінші кезекте, жаңа қызмет денсаулықты нығайтуға бағытталған технологияларды енгізумен айналысады. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың таралуымен күресуге баса назар аударылады. Қорытындысында Денсаулық сақтау министрлігі келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді алға мақсат етіп қойды: жалпы ауруды және негізгі созылмалы аурулар бойынша ауруды төмендету, жалпы өмір сүру ұзақтығын арттыру.  

Анықтама:

Қоғамдық денсаулық сақтау – бұл қоғам қолға алған ұйымдастырылған іс-қимыл арқылы аурулардың алдын алу, өмір сүруді ұзарту және денсаулықты нығайту ғылымы мен практикасы.

1/2
2/2