Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

ҚР-дағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларына еліміздің ең үздік клиникаларында медициналық көмек көрсетіледі - ДСӘДМ

27 ақпан 2015, 17:30

Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына кепілдікті тегін медициналық көмек аясында еліміздің үздік клиникаларында емдеу және оңалту ұйымдастырылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.

«2015 жылы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына медициналық және оңалту көмектері ұлттық ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомствоға қарасты ұйымдарында көрсетіледі», - делінген хабарламада. 

Ведомствода атап өткендей, аталған орталықтар кардиологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді

ДСӘДМ мәліметінше, аталған клиникаларда емделуге жолдамалар алу үшін өңірлік емханаларға хабарласу керек. Оларда ыңғайлы болу үшін жекеше тіркеу бөлімі ашылып, жеке мамандар бөлінген. Ауырып қалғанда немесе жағдай ауыр кезде жоспарлы емделуге жолдаманы рәсімдеу үшін науқасты қарап, зертханалық тексеру жасау үшін учаскелік дәрігерді үйге шақыру керек.