Қазақстанда Жедел медициналық көмек қауымдастығы құрылды

05 тамыз 2016, 23:54

Қазақстанда Жедел медициналық көмек қауымдастығы құрылды. Оның құрамына Республикалық санитарлық авиация орталығы, сонымен қатар, аймақтық медициналық ұйымдар кіреді. 

 

Оның негізгі мақсаты – Қазақстандағы заманауи жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация қызметін жетілдіруге ықпал ету.

Қауымдастықтың негізгі жұмысы – республикадағы аталған қызметтердің басым бағыттарын дамыту мен оларды біріктіру, жедел медициналық көмек көрсету саласындағы құқықтық нормативтік базаны оңтайландыру мен сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жасау.

Келешекте Қауымдастық өз қызметін республикадан тыс шеңберде кеңейтіп, алыс және жақын шетелдердегі әріптестермен белсенді тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Біріктірілген қызметті дамыту, ҚР ДСӘДМ-нің мәліметінше, республикадағы медициналық қызметтің сапасын арттыруға, сонымен қатар, жедел медициналық көмек қызметі жүйесінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.