«Денсаулық» пойызының дәрігерлері бір аптада ОҚО және Жамбыл облысының 11,5 мың тұрғынына медициналық көмек көрсетті

09 тамыз 2016, 18:47

2016 жылғы 1-8 тамыз аралығындағы «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызында Оңтүстік Қазақстан облысының үш станциясы мен Жамбыл облысының тұрғындары қаралды. Дәрігерге келісушілер саны 11592-ні құрады.

Көлік медицинасын дамыту аясында 2010 жылдан бері «Саламатты Қазақстан», «Денсаулық» және «Жәрдем» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыздары жұмысын жүргізуде.

«Медициналық пойыздарды құру» бірлескен жобасын іске асыру еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына қол жетімді медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етті. Пойыздар заманауи медициналық жабдықтармен, оның ішінде байланыстың спутниктік арнасы телемедициналық орталықтарымен жарақталған, интернет желісіне қол жетімді. Медициналық пойыздардың қызметі халықтың сұранысына ие, бұл жоба өзектілігінің және жоғары әлеуметтік маңыздылығының куәсі болып табылады.

ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитетінің мәліметінше, «Жәрдем» медициналық пойызы ағымдағы жылы жұмысын 1 тамызда, ал «Саламатты Қазақстан» пойызы – 10 шілдеде аяқтады.

2016 жылғы 1-8 тамыз аралығында «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызында Оңтүстік Қазақстан облысының 3 станциясы мен Жамбыл облысының тұрғындары қаралды, 782 тұрғын, оның ішінде 156 бала тексеруден өтті. Дәрігерге келісушілер саны 11592-ні құрады. 9570 диагностикалық емшара жүргізілді, 84 шағын амбулаториялық ота жасалды. 296 әйел маммологқа қаралды. 163 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Қазіргі уақытта «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойызы жұмысын Жамбыл облысында жалғастыруда.

13 тамызға дейін қоса алғанда «Денсаулық» пойызы Жамбыл облысының елді мекендеріндегі тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Анықтама үшін:

2016 жылы «Саламатты Қазақстан», «Жәрдем» және «Денсаулық» консультациялық-диагностикалық пойыздарында республикадағы Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары 148 станциясының тұрғындары қаралды, 34418 тұрғын, оның ішінде 5204 бала тексеруден өтті.

Дәрігерге келісушілер саны 265022-ні құрады. 177388 диагностикалық емшара жүргізілді, 1000 шағын амбулаториялық ота жасалды. 5231 әйел маммологқа қаралды. 9960 тұрғынға стоматологиялық көмек көрсетілді.