Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «02» қарашадағы № 110-ө өкімі

«Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, осы өкімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.Ұ. Маминге жүктелсін.»;

көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

 

3 Экологиялық заңнама талаптарын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының және Алматы облысының Жамбыл ауданы Үлкен кентінің аудандарында атом электр станцияларын салу бойынша жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) құжаттамасын әзірлеу

Атом электр станцияларын салудың

ТЭН-і

2018 жыл «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ» (келісім бойынша)
4 Техникалық-экономикалық негіздемелер нәтижелерінің негізінде атом электр станцияларын салу бойынша Үкімет шешімінің жобасын дайындау Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасы 2018 жыл ЭМ және мүдделі мемлекеттік органдар

                                                                      

Ескертпеде:

аббревиатуралардың толық жазылуында:

«ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ» – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы».

Премьер-Министр                           Б.Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу