Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «9» желтоқсандағы № 128-ө өкімі

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

1. Қоса беріліп отырған Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын жаңғырту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі –Жоспар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісім бойынша):

1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жартыжылдық қорытындылары бойынша 5 шілдеден және 5 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жыл сайын, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                                                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу