Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «16» ақпандағы № 10-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 28-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 28-ө өкіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген өкімімен бекітілген«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесінде:

реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

     «

12. Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) енін есептеп шығару үшін негізге алынатын сызықтарды, сондай-ақ аумақтық сулардың (теңіздің) сыртқы шегін айқындау үшін географиялық нүктелерді (негізгі геодезиялық деректерді көрсете отырып) белгілеу туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысы

ҰЭМ (жинақтау),

СІМ,

ҰҚК (келісім бойынша)

2015 жылғы

қазан

                                                                                                                       

 

Премьер-Министр                                                                        К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу