Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «18» желтоқсандағы № 141-р өкімі

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы

«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі
№ 786 Жарлығына сәйкес және Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

  1. 1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу