Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «18» желтоқсандағы № 145-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

  1. 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

  2. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:

  3. 1)тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

  4. 2) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

  5.  

Премьер-Министр                                                                         К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу