Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы «21» шілдедегі № 58-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Пошта туралы»  және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

  1. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ведомстволық шешімдер қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай мерзімде бұрын тиісті қатынастарды реттеген Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі актісінің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.

 

Премьер-Министр           К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу