Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «21» қарашадағы № 110-ө өкімі

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің индикаторларын бекіту туралы

Өңірлердегі іскерлік ахуалды жақсарту және Дүниежүзілік банктің «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингін енгізу мақсатында:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Дүниежүзілік банктің «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің индикаторларын орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға бекіту;

2) Қазақстан Республикасында «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингін енгізу жөніндегі жұмыс жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2. Астана және Алматы қалаларының, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері өңірлерде «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингін жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

                               

Премьер-Министр                                                                    К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу