22 Сәуір 2015, 12:24
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
1) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу