Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «31» қаңтардағы № 6-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар,
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін 2015 жылғы 10 наурызға және 10 тамызға дейін хабардар етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы
20 наурызға және 20 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жинақтық ақпарат берсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

                                    

Премьер-Министр                                                                            К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу