Ұлттық экономика министрі 

1980 жылы 11 сәуірде дүниеге келген.

1999 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын.

2001 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон атындағы Университеті жанындағы Менеджмент және бизнес мектебін (АҚШ) бітірген. Бизнес басқару магистрі дәрежесіне ие болған.

2002 жылы М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.  

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан Даму банкі» АҚ менеджері болып бастады.

2002–2003 жылдары – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің функционалдық талдау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің Инвестициялық жоспарлау және талдау басқарамасы бастығының орынбасары.

2003–2004 жылдары – «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі.

2004–2005 жылдары «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі.

2005 жылы – «Ордабасы» корпорациясы» АҚ вице-президенті, «Интеркомшина» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.

2005–2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2006 жылы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2006–2007 жылдары – ҚР Индустрия және сауда министрлігі жанындағы «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті.

2007 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.

2008–2009 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2009–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2010–2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2011–2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары;

2013 жылдың мамыр айында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.