«Нұрлы жол» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1030 Жарлығымен бекітілді. 

Мақсаты - Қазақстанның ұзақмерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз ету үшін хаб қағидаты бойынша тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыру, сондай-ақ сыртқы нарықтарда жағдаяттың нашарлауы жағдайында экономиканың жеке секторларына қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру.     

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • «шұғыла» қағидаты бойынша тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды құру;
  • индустриялық және туристік инфрақұрылымдарды дамыту;
  • бірыңғай электр энергетикасы жүйесін дамыту шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды нығайту;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту (реконструкциялау және салу);
  • азаматтардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;
  • білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • отандық машина жасауды қолдау;
  • экспортты қолдау;
  • АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • «Бизнестің жол картасы-2020» жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  • зертханалық базаларды дамыту арқылы өнімдер сапасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • болжамды ресурстарды бағалаумен Қазақстан аумағының зерделенгендігін қамтамасыз ету.

Бағдарламаны іске асыру кезінде мынадай мақсатты индикаторларға қол жеткізу жоспарланған:

  • 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ЖІӨ өсімінің 15,7% қамтамасыз ету;
  • 2015 жылы - 395,5 мың адамға жұмыс орнын ашу, оның ішінде:

тұрақты – 86,9 мың адам;

уақытша – 308,6 мың адам;

  • 2019 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингіндегі базалық инфрақұрылымның сапасы көрсеткішін 57-орынға көтеру. Бағдарламаның толық сипаттамасын жүктеу

Бағдарламаның толық сипаттамасын жүктеу