«Нұрлы жер»

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31 желтоқсан 2016 жылғы №922 Қаулысы бойынша, тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген және бұрын қабылданған салалық және мемлекеттік: 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әрекет еткен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылыс бағдарламасы (ары қарай - Бағдарлама) бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты халық үшін баспананың қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (ары қарай-Холдинг) Холдингтің еншілес ұйымдары арқылы төменде келтірілген тапсырмаларды (бағыттарды) жүзеге асыруға қатысады:

1. Ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру (Бағдарламаның №1 мақсаты). 
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Қазақстандық ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады;

2. Тұрғын үй салуды жекеменшік салушылардың қолға алуын ынталандыру (Бағдарламаның №2 мақсаты). 
2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын ипотекалық несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7% жылдық көрсеткіш көлемінде субсидиялар бөлінеді, олар "Даму" КДФ" АҚ қаржы агенті арқылы бағытталатын болады.

3. Кредиттік тұрғын үйді тұрғын үй құрылыс салымдарының жүйесі арқылы салу (Бағдарламаның №3 мақсаты). 
Кредиттік тұрғын үйді салуға бағытталатын қаражаттардың айналуын қамтамасыз ету үшін, 2017 жылдан бастап, "Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшыларға кредит беру мақсатында жыл сайын 24 млрд.теңге бөлетін болады.

4. Халықты жалдама баспанамен қамтамасыз ету (Бағдарламаның №6 мақсаты). 
Бұрын қабылданған мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде 2017-2018 жылдары "Қазақстандық Ипотекалық Компания" АҚ жалдама тұрғын үй құрылысы жалғастырылады.

5. Үлестік тұрғын үй құрылысын қолдау (Бағдарламаның №7 мақсаты). 
Үлестік салымдарды қорғау механизмін жүзеге асыру "Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры" АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаның төлқұжатын жүктеу