Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы №874 Жарлығымен бекітілген.

Бағдарлама мақсаты - өңдеу өнеркәсібін әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру.

Бағдарлама міндеттері:

  • өңдеу өнеркәсібін озыңқы дамыту;
  • басым секторларда тиімділікті арттыру және қосылған құнды ұлғайту;
  • шикізат емес тауарларды өткізуге арналған нарықтарды кеңейту;
  • өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту;
  • өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларын технологияландыруды жаңа деңгейге көтеру және инновациялық кластерлер қалыптастыру арқылы болашақтың секторларын дамыту үшін негіз жасау;
  • өңдеуші өнеркәсіптегі кәсіпкерлікті ынталандыру, шағын және орта бизнесті дамыту.

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2019 жылға қарай келесі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуі керек:

  • өңдеуші өнеркәсіп өндірген өнім көлемін нақты мәнде 43 %-ға ұлғайту;
  • өңдеуші өнеркәсіпте жалпы қосылған құнды нақты мәнде кемінде 1,4 есе ұлғайту;
  • өңдеуші өнеркәсібінде еңбек өнімділігін нақты мәнде 1,4 есе ұлғайту;
  • шикізаттық емес (өңделген) экспорт құнының көлемін кемінде 1,1 есе ұлғайту;
  • өңдеуші өнеркәсіптің энергияны қажет етуін кемінде 15%-ға азайту;
  • өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтуды 29,2 мың адамға ұлғайту.

Бағдарламаның толық сипаттамасын жүктеу