Отырыста 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысы, сондай-ақ астық жинауға дайындық талқыланды.

ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов Үкімет отырысындағы есебінде 2016 жылдың 8 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілгенін айтып өтті.

«Бәйтерек» холдингі қарастырылған 174,2 млрд теңгенің 141,9 млрд теңгесін операторларға – «ҚИК» АҚ, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ және жергілікті атқарушы органдарға аударды, оның ішінде 31,4 млрд теңге сомаға әкімдіктер облигациялары сатып алынды. Мердігерлермен 83,6 млрд теңгеге келісімдерге қол қойылып, 22,6 млрд теңге игерілді. 8,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 148 пәтер пайдалануға берілді», - деді М.Құсайынов.

Бұдан өзге, вице-министрдің мәліметінше, «Самұрық-Қазына» қоры бағдарлама операторы жылжымайтын мүлік қорына 42,9 млрд теңге аударды (қарастырылған 77 млрд теңгеден), олар бойынша толық келісім жасалды. Тамызда бөлінген қаражатты игеру басталады.

М. Құсайынов айтып өткендей, жалпы Мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген Ұлттық қор қаражатын игеру аздаған кейін қалумен жоспар бойынша жүзеге асырылып келеді.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 251,2 млрд теңге қарастырылған, олар екі жыл бойы кезең- кезеңмен игеріледі.     

Одан кейін ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова  «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2016 жылы 13 мектеп пен 8 балабақша салынғанын мәлімдеді.

«Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарын салуға 57,9 млрд теңге бөлінді, соның аясында 96 нысан салынып жатыр, оның ішінде 77 мектеп және 19 балабақша», - деді «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын іске асырудың аралық қорытындыларын таныстырған Б.Асылова.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудан ҚР бюджетіне 20 млрд теңге салық түскенін ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың 7 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жеңілдікті несиелеуге ие болған салық төлеушілерден 20 млрд теңге салық түсті. Бұл өткен жылы түскен сәйкес салықтар сомасының шамамен 60%. Яғни, қарқындар барабар», - деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ, министр «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаражатты игеру кезіндегі оң динамиканы атап өтті.

Отырыс соңында К. Мәсімов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиісті орындамаған жағдайдағы әкімдерді жекелей жауапкершілігі туралы ескертті.

«Әкімдердің назарын бөлінген қаржының толық және уақытылы игерілуі мәселесіне аударамын. Бұл әкімдердің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жекелей жауапкершілігі», – деді аралық қорытындыларға баға берген, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тиімділігі жеткіліксіз жұмысты атап өткен Кәрім Мәсімов.

Премьер-Министр ҚР Ұлттық экономика министрлігіне өңірлерде бөлінген қаржының игерілуі жағдайына талдау жасап, осы мәселе бойынша жетекшілік ететін әкімдер орынбасарларының жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, «Бәйтерек» АҚ мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-на келісімшарт жасалған қаражаттың игерілуін  және жоспарланған тұрғын үй көлемін пайдалануға беруді қамтамасыз ету жүктелді. Астана мен Алматы қалаларының, облыс әкімдеріне білім беру нысандары құрылысына арналған қаржының дер кезінде және тиісті деңгейде игерілуін, сондай-ақ оларды пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінген қаржының игерілуіне апта сайын мониторинг жүргізіп, ай сайынғы негізде атқарылған жұмыс тұрғысында Ұлттық экономика министрлігін ақпараттандыруы тиіс.