Мемлекет және ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы мәселері бойынша дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев есеп берді. Ол ҮЕҰ-дың өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуының маңыздылығын айтып өтті. ҮЕҰ шынайы әлеуметтік жұмыспен қамту секторына айналды, онда 28 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

«Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ҮЕҰ-ды одан әрі дамытудың қажетті жағдайдаларын жасауда. Қаржыландырудың жаңа үлгісі, гранттар мен премиялар енгізілген, гранттық қаржыландыру операторы, сонымен қатар, барлық үкіметтік емес ұйымдардың бірыңғай деректер базасы құрылған. Сонымен, ҮЕҰ соңғы үш жылда 5 мыңнан астам әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты тұрақты негізде атқаруға мыңнан астам ҮЕҰ қатысады», - деді Н. Ермекбаев.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова өз ведомствосының бірқатар бағыттар бойынша үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл жүргізетінін айтып өтті. Сонымен қатар, ҮЕҰ-лар күрделі өмір жағдайына тап болған адамдарға арнайы көмек көрсету үшін, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, туберкулезбен күрес және т.б. жағдайларда көмек көрсету мақсатында жұмысқа тартылады.

2016 жылы қабылданған «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заңды орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев есеп берді. Ол азаматтық қоғамның мемлекеттік шешімдерді қабылдау үрдісіне конструктивті түрде қатысуының маңызды шарттарының бірі олардың мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпаратпен таныс болуында екенін атап өтті.  

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның көмір-химия саласының жағдайы туралы айтып өтті. Оның айтуынша әлемдік трендтерді ескергенде, сонымен қатар Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне орай көмір-химия саласын дамыту қажеттілігі туындады. Бұл бағыт өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің сапалық тұрғыда өзгеруін, сәйкесінше, оның нарықтағы бағасының көтерілуін қамтамасыз етіп, ең бастысы – энергетикалық көмір нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне мемлекет және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тиімдірек жүргізу туралы тапсырма берді, ал көмір-химия саласын одан әрі дамытудың жалпы үйлестігін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге тапсырды.