Үкімет отырысы қортындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов жауап берді.  

Т. Сүлейменов 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың әсерін болжауға қатысты сұраққа жауап берді, сонымен қатар биыл бағдарламаның қандай бағыттарына ерекше екпін қойылатынын атады.

Б. Сұлтанов мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген, игерілмеген қаржы туралы, сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасын сапасыз іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Ж. Қасымбек Жезқазған – Қызылорда автожолы құрылысының жоспардағы бастау мерзімі туралы сұраққа жауап берді.  

М. Жайымбетов Қазақстан азаматтарының «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай жолмен тұрғын үй ала алатындығы туралы айтты.