ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов жауап берді.

Е. Сағадиев мектептерге Kundelik.kz электронды жүйесін енгізу туралы, мұғалімдерге оқу жүктемесін азайту туралы сұрақтарға жауап берді және наурызда қазақстандық педагогтер аулаларды аралау жұмыстарын жасамайтын болатынын айтты. Бұл ӘМ, ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және БҒМ деректер базасын біріктірудің арқасында мүмкін болады.

Б. Асылова Е. Сағадиевтің сөзін толықтырып өтті. «Бізде осындай біріктірілген база болмаған кезде, ақпараттандыру болған жоқ, ал ақпарат өзекті болды», - деді ол.

Б. Сұлтанов салық-бюджет саясаты мәселесі туралы сөйледі. Сонымен қатар мемлекеттің экономикадағы үлесін түбегейлі төмендету және бәсекелестікті дамыту тақырыбы қозғалды.

Қ. Айтуғанов көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жұмыстары туралы хабарлады.