Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жауап берді. 

Е. Біртанов мүмкіндіктері шектеулі баланы 18 жасқа толғанынша бағатын қазақстандықтарды медициналық сақтандыру туралы сұраққа жауап берді, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші жылының аралық нәтижесі туралы, МӘМС енгізуге дайындық туралы, дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибьюторлары жайындағы мәселелер, медицина саласындағы МЖӘ, дәрі-дәрмек бағасын реттеу жағдайы туралы айтты.   

С. Жақыпова 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемін ұлғайтудың жаңа тәсілі туралы толығырақ айтып берді.