Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жауап берді. 

Бақыт Сұлтанов шикізаттық емес салалардан жыл соңына дейін түсетін пайда көлемі, өңірлік биліктің қаржыны тиімсіз басқаруына қатысты өнімділікті арттыру шаралары жайындағы сұрақтарға жауап берді.  

Тимур Сүлейменов экономикалық өсімнің қол жеткізілген көрсеткіштерін нығайту және несиелендіруді ынталандыру, инвестициялар тарту шаралары туралы, Ұлттық экономика министрлігінің әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын бақылауға алуға байланысты атқарған жұмыстары туралы айтып өтті, сонымен қатар қазақстандық экономиканың қол жеткізілген өсімін нығайту, оны несиелендіру мен инвестициялар тартуды ынталандыру бойынша атқарылған шаралар туралы нақты мысалдар келтірді.