ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов елімізде 2017 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің қорытындылары туралы баяндады. 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген өндірісті әртараптандыру индикаторы асыра орындалғанын және көктемгі егіс жұмыстары аясында жоспарланған индикаторлар толығымен орындалғанын хабарлады. 

 

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2016 жылдан бастап Қазақстанда минималды еңбек стандарттарын, жұмысшыларға кепілдіктер мен өтемақыларды бекітетін жаңа Еңбек кодексі қолданыста екенін айтты. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов жаңа еңбек заңнамасы мен жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау шараларын іске асыру бойынша баяндамасымен таныстырды. 

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бас директоры Ринат Ізмұханбет жұмысшылар өкілдерімен әлеуметтік диалог орнатудың маңызын атап өтіп, сонымен қатар жаңа еңбек кодексінің нормаларын іске асыру туралы хабарлады.  

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев орталық және жергілікті органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы мәлімдеді. 

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов статистика мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың бес айында ЖІӨ бойынша оң қарқын байқалғанын, соның ішінде, ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өсім өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ды құрағанын айтты. 

Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне тыңайтқыш өндірушілерге қолдау көрсетуді және минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін арттыру және оларды тұтынушыларға жеткізу мәселелерін пысықтауды тапсырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек және өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау құралдарымен заманауи өңдеу шараларын қолдану қажет.   

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі әкімдерге Еңбек тәуекелдері картасы аясында еңбек нарығындағы жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, еңбекақыны кідіртпей төлеу бойынша жұмыстар жүргізуді, мемлекеттік органдардың басшыларына барлық салаларда сәйкес талдау жүргізуді қамтамасыз етуді және анықталған жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қолдануды қамтамасыз етуді және биылғы жылдың нәтижелері бойынша экономикадағы жоспарланған индикаторларға қол жеткізудің кешендік жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.