Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Ерлан Хаиров арнайы экономикалық аймақтардың тиімді дамуы үшін кәсіби шетелдік басқарушы компаниялар тартылатынын хабарлады, сондай-ақ АЭА саласындағы жағдайды реттеу шараларына, аймақтардың формаларына жауапкершілікке, отандық АЭА басымдықтарына, АЭА және ИА толықтыру бойынша министрліктердің жұмысына қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Сапарбек Тұяқбаев арнайы экономикалық аймақтар мен индустриялық аймақтарды дамыту туралы брифинг аясында пайдалану бағдарламасының жаңа нұсқасын қаржыландыру туралы толықтырды.