Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бақыт Сұлтанов қымбат тұратын көлікті сатып алудың негізділігі, квазимемлекеттік сектор бойынша бірыңғай ережелер, заңнаманы бұзған жағдайдағы жұмыскерлердің жауапкершілігі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор туралы заң жобасында қабылданған тетіктер туралы айтты.

Абылай Мырзахметов бизнеске бірыңғай тәсіл, заң бұзған жағдайда жұмыскерлердің жауапкершілігі, кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектормен ынтымақтастығының сипаты туралы толықтырды.