Журналистердің сұрақтарына ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталов, «ҚТЖ» ҰК АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, «Қазавтожол» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов жауап берді. 

Қанат Алпысбаев «Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА іске асыру мерзімдері мен жобалары туралы, құрылған стратегиялық альянстардың күтілетін нәтижелері жайында, транзитті одан әрі ұлғайту шаралары, сондай-ақ, жүк тасымалдау бойынша соңғы 5 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы мәлімдеді. 

Жеңіс Қасымбек Үлкен Алматы айналма автожолының құрылысы, азаматтық авиация транзиттерін дамыту туралы, ҚР-ға визасыз режиммен кіретін елдердің саны және әуе транзиті туралы айтып берді. 

Асқар Баталов туристік саласын дамыту жоспарлары туралы, оны іске асыру мақсаттары, ҚР аумағында киелі орындарды бейімдеу туралы және туристерге визалық режимді ұзарту туралы айтып өтті. 

Ермек Қизатов Астана - Павлодар автожолы туралы, жол бойы сервистерінің құрылысына инвестициялар тарту, автожол сервисінің нысанын салу үшін орын алу мақсатында жеке кәсіпкерді рәсімдеу шаралары туралы сұрақтарға жауап берді.