ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын жетілдіру мақсатымен 2016 жылғы сәуірде заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік және коммуникациялық меншіктегі кәсіпорындар мен ірі компанияларды өткізу жоспары туралы баяндады. 

Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов сөз сөйледі. Жұртшылық тарапынан «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» басқарма төрайымы С. Романовская сөйледі.  

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік сектор нысандарын сатуды жылдамдату бойынша қолданылған шаралардың аралық нәтижелері және бекітілген кестелер аясындағы алдағы міндеттер туралы баяндады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Ө. Шүкеев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Е. Досаев, «ҚазАгро» холдингінің басқарма төрағасы Н. Мәлелов жекешелендіру барысы туралы баяндама жасады.

Қорытындысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ұлттық экономика министрлігіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді шаралар қолданып, халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұтынушылардың құқықтары туралы кеңінен ақпарат таратуды, мемлекеттік органдар мен холдингтердің басшыларына нысандарды сату кестесін сақтауды, ұлттық экономика, қаржы және әділет министрліктеріне аталған тізімді бекіту мәселесін пысықтауды тапсырды.  

Аталған тапсырмаларды орындауды бақылау ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.