Журналистердің сұрақтарына ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Максим Касаткин жауап берді.

Елжан Біртанов дәріханаларда дәрі-дәрмектердің дәрігердің белгілеуінсіз сатылуы, электонды рецептерге өту, гомеопатия тәжірибесі, дәрі-дәрмек бағасын реттеу, жаңа туылған сәбилерді бақылау, жүкті әйелдер мен қант диабетімен ауыратын адамдарды қадағалау бойынша мобильдік қосымшалар, «емделуші-дәрігер» кеңестері, дәрі-дәрмектерді штрихкодтаудың жаңа жүйесін әзірлеу, дәрілерді бейәдеп өткізу, медициналық тауарлардың сапасы, «Емделушінің жеке кабинетіндегі» деректердің сақталуы, IBM компаниясының әзірлемесі, жасанды зерде технологиялары мен ақпараттандыру мәселелері туралы айтып берді.

Максим Касаткин вакциналау, Алматы қ. тиісті медицина мекемесіне қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі туралы мәлімдеді.