Журналистердің сұрақтарына ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек және ҚР қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов жауап берді. 

Тимур Сүлейменов ҚР ЖІӨ өсім драйверлері, республика өңірлерінің экономикалық дамуы туралы мәлімдеді. 

Жеңіс Қасымбек өнеркәсіптік өндіріс пен экспорт өсімі, "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру, мемлекеттің ипотекалық қарыз беруі, екінші деңгейлі банктер, құрылыс сапасын бақылау, жеке тұрғын үй құрылысындағы жағдайлар мен банктердің тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатысуы, жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы мәлімдеді. 

Берік Шолпанқұлов игерілмей қалу қауіпінде тұрған бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмысы, сонымен қатар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында игерілмей қалған ресурстар туралы айтып өтті.