Журналистердің сұрақтарына ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов және ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов жауап берді.

Роман Скляр «Орталық - Батыс», «Орталық – Оңтүстік», «Орталық - Шығыс» жобаларының іске асырылуы, Құрық портындағы паром кешеніндегі жұмыс орындарының саны мен транзиттік тасымалдарды дамыту туралы мәлімдеді.

Рүстем Құрманов республикадағы азық жағдайы, қолданыстағы өндірісті жаңғырту шаралары, Аграрлық қайта өңдеу картасына қатысты айналымдық және негізгі қаражаттар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау туралы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы дәнді дақылдарды жинау қарқыны жайында, Шығыс Қазақстан облысындағы алқаптардағы көк қасқа шегірткемен күрес, май өнімдері өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, өңірлер бойынша қант қорлары туралы айтып өтті.  

Айбатыр Жұмағұлов «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автожолдарды пайдалануға беру бойынша қаражаттарды бөлу және игеру, тұрақтандыру қоры бойынша қант бағасын ұстап тұру шаралары туралы айтты.