ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов МӘМС енгізу шаралары мен оның басталуы туралы хабарлады. 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Елена Бахмутова МӘМС-ке арналған жаңа веб-сайттың іске қосылғаны туралы айтты.

Үкімет отырысы аясында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов МӘМС енгізу тақырыбы бойынша баяндамаларымен таныстырды. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Юлия Якупбаева МӘМС қоры жұмысының реформаларын түсіндіріп, денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтарға қатысты мәселелер бойынша сөз сөйледі. 

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ мен қабылдау емтихандарының қорытындылары туралы баяндады.

ҚР Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков ҰБТ-ның жаңа форматы мен білім берудің жаңа мазмұны туралы айтты. 

Үкімет отырысы барысында, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды одан әрі енгізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.