Журналистердің сұрақтарына ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрайымы Елена Бахмутова жауап берді.     

Елжан Біртанов баспасөз конференциясы барысында МӘМС жұмыстары туралы, ҚР медициналық ЖОО-ларына шетелдік мамандарды тарту жоспарлары, шетел азаматтарына МӘМС қызметерін ұсыну шарттары, Дүниежүзілік банктен қарыз алу, медқызметкерлердің еңбекақысын арттыру, балалар дәрігерлерінің тапшылығын төмендету шаралары, жабдықтар сатып алу және денсаулық сақтау саласында МЖӘ дамыту қарқыны туралы толығырақ айтып берді. 

Бұдан өзге, ҚР денсаулық сақтау министрі МӘМС аясында қазақстандықтар тіркелу емханасын жылына екі рет ауыстыра алатынын, сондай-ақ учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша салалық мамандардың қызметтерін ала алатынын мәлімдеді. 

Елена Бахмутова МӘМС қорын қалыптастыру кезінде неліктен жинақтаушы жүйе қолданылмайтынын және ынтымақтастық қағидасының қолданылатынын түсіндіріп өтті.