• Журналистердің сұрақтарына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов пен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева жауап берді.

  • Ғалия Жолдыбаева Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының соңғы нәтижесі ауылдар мен қалаларда шағын несиелендіруді қаржыландыру құралдарын тиімді іске асыру деңгейіне байланысты болатынын хабарлады.

  • Департамент директоры жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағытын іске асыру бойынша екі мемлекеттік органның жұмыс істеп жатқанын атап өтті: ауылдарда – ҚР АШМ, қалаларда – ҚР ҰЭМ.

  • Біржан Нұрымбетов Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша шағын несие алуға ниет білдірушілердің санының артуы туралы айтып өтті.

  • Вице-министр ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры бағдарлама қатысушыларын несиелендіруге шамамен үш млрд теңге бағыттауы туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді.

  • Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов 2017 жылға «еңбекке жұмылдыру» бағытына Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 710 млн теңге қарастырылғанын, сонымен қатар әзірленген ұсыныстарға қолдау көрсету арқылы 2018-2022 жылдар аралығында оңтүстік өңірлерден 59 мыңға жуық отбасыға көшуге көмек көрсетілетінін хабарлады.