«Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен жобаларды басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев сөз сөйледі.

Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен бағдарламаның жеті негізгі бағыты туралы айтты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстанда көп бейінді стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмелерінің жаңа форматын енгізу жоспары мен Қазақстанда халықты дәрігерлермен қамтамасыз ету ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары екенін, алайда мейірбикелер саны төмен екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, вице-министр Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СК-Фармация» ЖШС-нің құрылтайшысы болатыны туралы шешім қабылданғанын, ал «ҚазМедТех» АҚ қатысты оны жекешелендіру бойынша мәселе қаралып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ләззат Ақтаева Қазақстандағы онкологиялық аурулардың ағымдағы жағдайы туралы және аталған саладағы жағдайды жақсарту жоспарлары туралы айтып берді.

Тимур Сұлтанғазиев қағаз жүзінде құжат алмасу үдерістерін қысқарту шаралары мен денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандырудың маңыздылығы туралы хабарлады.

Сондай-ақ, департамент директоры Денсаулық паспортын енгізу барысы мен медициналық мекемелерді жекешелендіру шараларының маңызы туралы баяндады.