• «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері туралы баспасөз конференциясында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев және ҚР білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова сөз сөйледі. 

  • Айбатыр Жұмағұлов мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық бағыттарында ұлғаю байқалатынын және жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты. 

  • Сондай-ақ, вице-министр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру үшін ҚР ҰЭМ, ай сайынғы негізде, бөлінген қаражаттарды игеруге мониторинг жұмыстарын жүргізіп тұратынын атап өтті.

  • Роман Скляр «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталғалы бері республикалық маңыздағы 2 мың км автожол құрылыс және жөндеумен қамтылғанын мәлімдеді.

  • Спикер Алматы–Шу теміржол желілерінің екінші жолдарының ағымдағы құрылысы, сондай-ақ жұмыстарды аяқтаудың жоспарланған мерзімі туралы айтып берді. 

  • Сондай-ақ, Роман Скляр Құрық портының Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуеті мен жалпы Еуразия құрлығында алатын стратегиялық маңызы туралы мәлімдеді.

  • Бақытжан Жақсалиев «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 500 кВ Екібастұз-Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісі құрылысы» жобасын жүзеге асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қиылысындағы желілердің өткізу қабілетін арттыру, Ресей ЕЭО желісі арқылы электр энергиясының тасымалдауына байланыссыз ШҚО тапшылығын жабуды қамтамасыз ету және Бұлақ ГЭС контрреттеуішін енгізумен Шүлбі ГЭС толық қуаттылығын беру болып табылатынын хабарлады. 

  • Бибігүл Асылова «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында «Білім беру саласының инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша биыл Ұлттық қордан барлығы 71,7 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2017-2018 жылдардың қорытындысы бойынша апатты мектептердің орнына 51 мектеп пайдалануға беріледі және 90 мектеп үш ауысымды білім беруді жояды.