• Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстанда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің пайда болуына және жалпы ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына қажетті жағдай жасағанын хабарлады.

• Сондай-ақ Қайрат Айтуғанов АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қабылданған отандық астық сапасын арттыру бойынша бірқатар тиімді шаралар туралы айтты.

• Бұдан өзге, ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі АӨК дамыту бағдарламасын іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және экспорт деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік бергенін баяндады.

• Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов бірінші жартыжылдықта азық-түлік өнімдері өндірісі 7,5%-ға ұлғайғанын хабарлады.

• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев Қазақстанның экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары «АгроЭкспорт» арнайы бағдарламасы бойынша тиімді несиелер ала алатынын айтты.