• 17 тамызда ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың және ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

• Роман Скляр биыл «Нұрлы жер» аясында 6,2 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілгенін хабарлады.

• Сондай-ақ, вице-министр қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды жеңілдікті несиелеу тетіктерін іске асыру басталғанын баяндады. 

• Бұдан өзге, Роман Скляр «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының баспана құнына ықпалы туралы айтып берді.

• Ләззат Ибрагимова инфляциялық таргеттеу мен долларсыздандыру үдерістерінің нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағасы теңгемен белгіленгенін және нарықта өсімнің байқалмайтынын атап өтті. 

• Өз кезегінде Мархабат Жайымбетов 2017 жылдың соңына дейін пилоттық жоба - «Е-шаңырақ» электронды платформасын іске қосу жоспарланғанын, оның аясында электронды форматта ПИК шығындары қадағаланатынын жеткізді.