• Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, ҚР энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың және ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Тілеубердінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. 

• Брифинг барысында Ж. Қасымбек ҚР өнеркәсібінің Индустрия 4.0-ге көшуге әзірлігі бойынша техникалық талдау жұмыстары биыл қыркүйекте аяқталатынын мәлімдеді.

• Сондай-ақ, Қ. Бозымбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы Қазақстанның энергетикалық секторының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін хабарлады.

• Бұдан өзге, энергетика министрі энергетикалық секторға жоспарланған бірқатар заманауи технологиялық жүйелер туралы айтып берді.

• Қ. Бозымбаев, сондай-ақ, отын-энергетика секторына жалпы инвестициялар көлемі туралы баяндады.

• Өз кезегінде М. Тілеуберді ҚР СІМ инвестициялар тарту және экспортты ілгерілету бойынша ұлттық стратегияларды әзірлеуге белсене қатысатынын хабарлады. 

• Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту туралы және экспортты ілгерілету туралы айтты. 

• ҚР инвестициялар және даму министрі Қазақстан өнеркәсібінің Индустрия 4.0 талаптары мен стандарттарына сәйкес келуі тұрғысындағы техникалық аудит нәтижелерімен бөлісті.