• ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов «ҚР-дағы кедендік реттеу туралы» Кодекс жобасымен таныстырды.

• ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдарға отырыс барысында айтылған барлық ескертулерді пысықтап, қажетті өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді.

• Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында бюджет заңнамасына 6 негізгі бағыт бойынша түзетулер ұсынылғанын баяндады.  

• Бұдан өзге, Үкімет отырысы барысында Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша 18 тамызда өткен кеңесте берген жарлықтарын орындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.