• Бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Айдарбаев Алик Серікұлының, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ басқарма төрағасы Бекенов Берік Темірғалиұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

• А. Айдарбаев өнеркәсіптегі өсімнің негізгі қозғаушы күші өңдеу өнеркәсібі болғанын хабарлады. 

• Сондай-ақ, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі жылдың соңына дейін 10 мың тұрақты жұмыс орнын құрумен 1 трлн теңгеге жуық сомаға 100-ден астам жобаны енгізу жоспарланғанын мәлімдеді.

• Бұдан өзге, А. Айдарбаев индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты – өндірісті әртараптандыру мен өңдеу өнеркәсібі секторының өсімі екенін айтты.