• Отырыс барысында ҚР 2018–2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

• ҚР ұлттық экономика министрі құжат «Қазақстан-2050» стратегиясында», 30 озық дамыған елдің қатарына кіру тұжырымдамасында, бес институционалдық реформада, сондай-ақ Қазақстанның үшінші жаңғыруында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін әзірленгенін мәлімдеді.

• Тимур Сүлейменов 2018-2022 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы айтты.

• Сондай-ақ, 2018–2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды.

• Тимур Сүлейменов республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5 528,4 млрд теңге сомасына, 2019 жылы  -  6 403,9 млрд теңгеге, 2020 жылы — 7 175,8 млрд теңгеге болжамдалғанын баяндады.

• Осы күні ҚР Үкіметінде 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қабылданды.

• Өз сөзінде қаржы министрі атап өткендей, жобаның негізгі сипаттамалары Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасына және 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес айқындалған.

• Бақыт Сұлтанов «2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы туралы айтты.

• Үкімет отырысын қорытындылай келе, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындау туралы бірқатар тапсырма берді.