• Тимур Сүлейменов биыл Қазақстан «Doing Business» дүниежүзілік банкінің рейтингісіндегі орнын кезекті рет жақсартқанын мәлімдеді.

• Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі ҚР Үкіметінің бизнес ортаны дамыту бойынша атқарып жатқан жұмыстары 2020 жылға қарай кәсіпкерлердің жүктемесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

• Бұдан өзге, Тимур Сүлейменов бақылау-қадағалау органдарына қойылатын талаптарды қысқарту туралы мәлімдеді.

• Өз кезегінде Біржан Қанешев 25 тамызда өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мәселелері бойынша кеңесте аталған Мемлекет басшысының ескертулері мен тапсырмаларын орындау тұрғысынан компанияның жұмысы қалай ұйымдастырылатынын айтып берді.

• Сонымен қатар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары инвестжобалардың қалып қоюына жол бермеуге тиісті ақпараттық-мониторингтік жүйе биыл 1 қазанда іске қосылатыны туралы баяндады.

• Бұдан өзге, Біржан Қанешев шетелдік инвесторлар жұмысы үшін жағдайды жақсарту туралы айтты.

• Нұрсұлтан Жиенбаев Қазақстан экономикасы Kazakh Invest компаниясының 150 инвестициялық жобасын іске асыру нәтижесінде шамамен 30 млрд теңге түсіре алатынын мәлімдеді.